Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

295 ЖАТТЫҒУДЫ ОРЫНДАУ ЖОЛЫ Құрамында 16 көміртегі бар қаныққан май қышқылы 1 моль пальмитиннің синтезі үшін ацетил-КоА қанша молі малонил-КоА түрленеді? Бұл сұраққа жауап беру үшін біз май қышқылдарының қалай синтезделетінін еске түсірейік (13.11-бөлім). Биосинтез май қышқылының төрт көміртегі құрылуы үшін ацетил тиоэфирдің малонил тиоэфир молекуласына қосылу реакциясынан басталады. Əрбір келесі екі көміртегінен тұратын бөлік малонил тиоэфир молекуласына қосылып отырады. Пальмитин қышқылы үшін он екіден көп көміртегі қажет, сондықтан тағы да малонил коферментінің тағы алты молекуласы қосылуы қажет. Осылайша, палмитин қышқылының синтезі үшін ацетил-КоА 7 молі малонил-КоА түрленуі керек. Енді 10-жаттығуға ауысайық.  10-ЖАТТЫҒУ Құрамында 20 көміртегі бар қаныққан май қышқылы арахидон қышқылының 1 молін синтездеуге ацетил-КоА қанша молі малонил-коферментіне КоА түрленуі керек?  11-ЖАТТЫҒУ ШЕШІМІ 1 моль пальмитин қышқылын алу үшін АТФ қанша молі қажет? Шешімі 1 моль 16 көміртекті май қышқылы 1 моль ацетил-КоА жəне 7 моль малонил – КоА синтезделеді. Ацетил-КоА-дан синтезделетін малонил коферменті А əр молі карбоксилдеу реакциясында 1 моль АТФ қажет етеді. Осылайша 1 моль пальмитин қышқылы үшін 7 моль АТФ қажет. 17.9 В6 ДƏРУМЕНІ Пиридоксаль фосфат (ПФ) коферменті пиридоксин немесе В6 дəрумені деген атпен белгілі, «аль» жалғауы коферменттің альдегид екендігін білдіреді. В6 дəруменінің жетіспеушілігі қан аздыққа, кейде өлімге дейін əкеледі. Пиридоксаль фосфат белгілі амин қышқылдары реакциясында катализатор рөлін атқарады. Осындай реакциялардың бірі – декарбоксилдеу реакциясы.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==