Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

293 Коэнзим (КоА) карбон қышқылдарына қарағанда ацилді нуклеофилді орынбасу реакцияларында біршама реакцияға қабілетті болатын карбон қышқылдарын олардың тиоэфирлеріне түрлендіреді. Себебі, қосарланған қышқылдың тиолды қалдығы тиоэфирге өзгергендегі рКа мəні ~10 (11.6-бөлім). Дəрумен КоА пантотенатқа түрлендіру үшін қажет.  8-ЖАТТЫҒУ а. Қандай көміртегінің екі бөлігінен пируват декарбоксилазаға протон ауысады? ə. Қандай көміртегінің екі бөлігінен дегидрогеназа пируват жүйесі коэнзим А коферментіне ауысады? 17.8 Н ДƏРУМЕНІ Н дəрумені (биотин) өзгеше, себебі бұл дəруменді тоқ ішекте болатын бактериялар синтездейді. Биотиннің біздің тамақ рационымызға қажеті жоқ жəне жетіспеушілік жағдайы болмайды. Бірақ биотиннің жетіспеушілігі тамақ рационында шикі жұмыртқаны көп пайдаланатын адамдарда байқалады. Жұмыртқа ақуызы биотинмен берік байланысады жəне оның кофермент ретіндегі əсерін жояды. Жұмыртқа піскен кезде денатурацияланады (16.13-бөлім) жəне денатурацияланған ақуыз биотинмен байланыспайды. Коэнзим (КоА) карбон қышқылының белсенділігін арттырып, оны тиоэфирге түрлендіреді 3-Dмолекула: коэнзим А

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==