Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

291 17.7 B1 ДƏРУМЕНІ Тиамин – алғаш рет анықталған В1 деген атпен белгілі дəрумен. В1 дəруменінің тамақ рационында жетіспеушілігінен жүректі зақымдап, жүйке рефлекстерін əлсірететін, сирек сал ауруына əкелетін «бери-бери» ауруы пайда болады (17.4бөлім). В1 дəрумені тиамин пирофосфат (ТПФ) коферментінің қалыптасуына қатысатын кофермент. ТПФ бір молекуладан екінші молекулаға екі көміртегі бөлшегін тасымалдауды катализдейтін ферменттердің құрамына кіретін кофермент. Пируватдекарбоксилаза тиаминпирофосфатқа қажетті фермент. Бұл фермент пируваттың декарбоксилденуін катализдейді жəне көміртегінің қалған екі бөлігіне протонды беріп, ацетальдегид түзеді. Сіздер пируват сияқты кето қышқылдардың СО2 бөлінуінен декарбоксилденуін жəне бөлінген электрондардың не себепті карбонилді көміртегінде делокализацияланбайтындығына көз жеткізесіздер (13.8-бөлім). Келесі бетте көрсетілген реакция механизмі коферментте электрондар делокализацияланатын орынның бар екендігін көрсетеді. В1 дəрумені тиамин пирофосфат ТПФ

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==