Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

289 НАДН гидрид-ионын бөліп, тотықсызданатын қосылыс болғандықтан, гидрид-иондарының доноры NaBH4 немесе LiAlH4 биологиялық эквиваленттерінің біз биологиялық емес реакцияларда тотықсыздандырғыш ретінде қолданылатынын көргенбіз (12.6-бөлім). НИАЦИННІҢ ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ Ниациннің жетіспеушілігі дерматитпен басталып, соңында есі ауысып, өлімге апаратын пеллагра ауруына əкеледі. 1927 жылы Құрама Штаттарда негізінен диеталары өзгермейтін кедей адамдарда пеллаграның 120 000 жағдайы тіркелген. Пеллаграның алдын алу үшін В дəрумені препараттары қолданылады. Бірақ 1937 жылға дейін ол белгісіз болды жəне никотин қышқылы деп анықталған. Аз мөлшердегі жетіспеушілігі семіруге əкелетін фактор зат алмасуды төмендетеді.  5-ЖАТТЫҒУ Келесі реакция өнімдерін көрсетіңіздер. 17.6 В2 ДƏРУМЕНІ Флавин аденин динуклеотид (ФAD) субстраттарды тотықтыруда қолданылатын тағы да бір кофермент. Мысалы, ФАД сукцинатты фумаратқа тотықтыруда қолданылатын ФАД коферменті. Оның атауы көрсеткендей, ФАД гетероциклді қосылыстарының бірі – флавини, екіншісі – аденин болатын динуклеотид. Рибоза орнына флавин нуклеотидінде тотықсызданған рибоза (рибит тобы) болатындығына назар аударыңыздар. Флавин мен рибит екеуі қосылып рибофлавин немесе В2 дəруменін береді. В2 дəруменінің жетіспеушіліген тері қабынуы болады. оқулық: НАД+ механизмі жəне НАДН реакциясының жағдайы фермент НАДН + Н+ ФАД тотықтырушы агент

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==