Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

287 НИКОТИН ҚЫШҚЫЛЫНЫҢ НИАЦИНГЕ АЙНАЛУЫ Нан компаниялары нанның дайындалуы үшін никотин қышқылын қосқанда оның атауы ниацин деп өзгертіледі. Себебі, никотин қышқылының атауы никотин сияқты естіледі жəне никотинді дəрумен түрінде қабылдамайды. НАД+ субстратты тотықтырғанда кофермент НАДН дейін тотықсызданады. НАДН тотықсыздану реакцияларында катализатор болатын белгілі бір ферменттердің коферменті. Малат дегидрогеназа тотығу реакциясында катализатор болатын фермент; ол малаттың екіншілік спирт тобын кето топқа дейін тотықтырады (10.4-бөлім). Бұл НАД+ реакциясындағы тотықтырушы агент. Тотығу реакциясында катализатор болатын ферменттердің көпшілігі дегидрогеназдар деп аталады. Тотығу реакциясында С-Н байланыстары санының азаятындығын естеріңізге саламыз (10.4- бөлім). Басқаша сөзбен айтқанда дегидрогеназа сутегін бөледі. Бұл тотығу реакциясы қалай жүреді? Субстрат тотыққанда НАД+ пиридин сақинасының 4-орнына гидрид-ионын (Н-) береді. Нəтижесінде НАД+ пиридин сақинасы тотықсызданады. Молекуланың қалған бөлігі коферментпен ферменттің белгілі орнымен байланысады. Тотығу реакциясында ферменттегі амин қышқылының бүйір тізбегі субстраттағы оттегі атомынан протонды бөледі. НАД+ НАДН НАД+ тотықсыздандырушы агент субстраттотықсызданған + НАД+ субстрат тотыққан + НАД+ + Н+ фермент

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==