Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

286 Нуклеотидтердің гетероциклді компоненттерінің бірі никотинамид НАД+ жəне екіншісі аденин. Бұл коферменттің атауын (никотинамидадениндинуклеотид) білдіреді. Қысқартылған түрдегі НАД+-тегі оң заряд орынбасқан пиридин сақинасындағы оң зарядталған азот атомын көрсетеді. Коферменттердегі аденин нуклеотидтері АТФ құрамына кіреді. Никотин қышқылы (В3 дəрумені) организмде синтезделмейтін жəне диета арқылы организмге келетін коферменттің бір бөлігі. Ниацинамид ниациннің қоректік эквиваленттік формасы. 3-D молекула: Никотин қышқылы; никотинамид; никотинамидтің тотыққан формасы

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==