285 Фредерик Хопкинс 17.5 НИКОТИН ҚЫШҚЫЛЫ: КӨПТЕГЕН ТОТЫҒУТОТЫҚСЫЗДАНУ РЕАКЦИЯЛАРЫНА ҚАЖЕТТІ ДƏРУМЕН Тотығу немесе тотықсыздану реакциясын катализдейтін кез келген ферментке кофермент қажет, себебі амин қышқылдарының бүйір тізбектері тотықтырғыш немесе тотықсыздандырғыш бола алмайды. Коферменттер тотықтырушы немесе тотықсыздандырушы агент рөлін атқарады. Ферменттің рөлі тотығу немесе тотықсыздану реакциясы жүру үшін субстрат пен коферментті бірге ұстау (17.3сурет). Тотығу реакциясын катализдеуде жиі қолданылатын фермент никотинамидаденин-динуклеотид (НАД+) коферменті өзара фосфаттық топтары арқылы қосылған екі нулеотидтен тұрады. Нуклеотид С-1 фосфорланған рибозамен байланысқан гетероциклді қосылыс (20.1-бөлім). Гетероциклді қосылыс сақинасында көміртегінен басқа бір немесе бірнеше гетероатомдар болады. НАД+ тотықтырушы агент
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==