Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

284 В1 ДƏРУМЕНІ Кристиан Эйкман (1858-1930) 1886 жылы Шығыс Үндістанға авитаминозды зерттеу үшін жіберілген медициналық бригада құрамының мүшесі болады. Сол кезде барлық аурулар микроорганизмдердің əсерінен пайда болады деп жорамалданған. Бери-бери ауруын тудыратын микроорганизм табылмағандықтан, команда Шығыс Үндістаннан қайтып кетеді, бірақ Эйкман жаңадан ашылған бактерологиялық зертхананың директоры болып қалып қояды. 1896 жылы Эйкман кездейсоқ авитаминоздың себебін осы аурудың белгілерін анықтауда қолданылған тауықтардан ашады. Ол аспазшы тауықтарды ауруханадағы пациенттерге дайындалған күрішпен тамақтандырғанда байқайды. Оның белгілері аспазшы тауықтарға аршылмаған күріштерді бергенде жойылғанын анықтайды. Кейіннен күріштің қабығында тиаминнің (В1 дəрумені) болатындығы анықталады. Осы жаңалығы үшін Эйкман 1929 жылы Фредерик Хопкинспен бірге физиология жəне медицина саласы бойынша Нобель сыйлығын алады. Кристиан Эйкман «ДƏРУМЕН» – ТІРШІЛІК ҮШІН ҚАЖЕТТІ АМИН Сэр Фредерик Г. Хопкинс (1861-1947) Англияда дүниеге келген. Ол алғашқы болып рахит жəне цинга сияқты ауруларының тағам рационындағы заттардың өте аз мөлшері қажет болатыны жетіспеушіліктен пайда болатындығын анықтаған. Осындай тағам рационында қажет қосылыстардың амин екендігі (тиамин, 284-бет) белгілі болған. Сондықтан олар дəрумендер, витаминдер деп аталған («тіршілікке қажетті аминдер»). Кейіннен Хопкинс гипотезасы дəрумендер концепциясы деген атпен белгілі болған. 1929 жылы ол осы еңбегі үшін физиология жəне медицина саласы бойыша Нобель сыйлығын иеленеді. Сондай-ақ ол ауыстырылмайтын амин қышқылдары концепциясын ашады.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==