Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

283 ның қалыпты жұмыс жасауы үшін аз мөлшерде қажет болатын заттар. Денеде коферменттер дəрумендерден синтезделеді. Бұрынғы тағамдарды зерттеулер нəтижелері бойынша дəрумендер екі класқа жіктеледі: суда еритін жəне суда ерімейтін дəрумендер. А, D, Е жəне К дəрумендері суда ерімейтін дəрумендерге жатады. К дəрумені суда ерімейтін жалғыз дəрумен жəне қазіргі уақытта коферменттің бастапқы қосылысы. А дəрумені көздің дұрыс көруі үшін қажет, D дəрумені кальций мен фосфаттың метаболизмін реттесе, Е дəрументі антиоксидант рөлін атқарады. А, D, Е дəрумендері коферменттер құрамына кірмейді, сондықтан бұл бөлімде қарастырылмайды (бірақ 5.17-бөлімді қараңыздар). 17.1-кесте. Дəрумендер, олардың коферменттері жəне олар катализдейтін реакциялар дəрумендер коферменттер Катализденетін реакциялар организмдегі жетіспеушілігінен болатын аурулар Ниацин (В3 дəрумені) НАД+ НАДН Тотығу Тотықсыздану Пеллагра Рибофлавин (В2 дəрумені) ФАДН2 ФАД Тотығу Тотықсыздану Терінің қабынуы Тиамин (В1 дəрумені) Тиамин пирофосфат Екі көміртегі тасымалданады Бери-бери Пантотен қышқылы Коэнзим А (КоА) Ацилді тасымалдау үшін карбон қышқылдарының белсенділігін арттырады - Биотин (Н дəрумені) Биотин Карбоксилдеу - Пиридоксин (В6 дəрумені) Пиридоксал фосфаты Транс аминдеу жəне басқа амин қышқылдарын синтездеу Қаназдық В12 дəрумені Коэнзим В12 Изомерлену Зиянды қаназдық Фолий қышқылы Тетрагидрофолат (ТГФ) Бір көміртегі тасымалданады Мегалобласты қан аздық К дəрумені КН2 дəрумені Карбоксилдеу Ішкі қан кету С дəруменінен басқа барлық суда еритін дəрумендер коферменттердің құрамына кіреді. С дəрумені өзінің атауына қарамастан шындығында да дəрумен емес, себебі ол өте көп мөлшерде қажет жəне ұсақ қоректілер оларды синтездеуге қабілетті (15.15-бөлім). Адамдар мен теңіз шошқаларында С дəрумені синтезделмейді, сондықтан ол олардың тамақ рационында болуы керек. Біз С дəруменінің радикалдық ингибитор екендігін көрдік (5.17-бөлім). Суда еритін дəрумендердің артық мөлшері зиянды, себебі организм белгілі бір мөлшердегі заттың артық мөлшерін ғана жоя алады. Бірақ суда ерімейтін дəрумендердің артық мөлшері зиянды емес, олар организмнен жеңіл бөлініп шығады жəне жасуша мембраналары мен басқа полюссіз дене мүшелерінде жинақталады. Мысалы, D дəруменінен жұмсақ ұлпаларда кальций көбейіп кетеді. Əсіресе, қызметіне кедергі келтіретіндіктен, бүйрек кальцийдің артық мөлшеріне сезімтал келеді. D дəрумені теріде күннің ультракүлгін сəулесі əсерінен болатын фотохимиялық реакциялар нəтижесінде түзіледі.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==