280 • келесі сатыда енолды форма кетонға өзгереді (13.3-бөлім). • Реакцияның соңғы сатысында бірінші сатыдағы негіздік катализатордың қосарланған қышқылы мен бірінші сатыдағы қышқылдың қосарланған негізінен сақинаның тұйықталуы катализденеді. 1-ЖАТТЫҒУ ШЕШІМІ Амин қышқылдарының келесідей қосымша бүйір тізбектерінің қайсысы кететін топтың бөлініп протондануына көмектеседі? Шешімі 1 жəне 2 бүйір тізбектерде қышқыл протоны жоқ, сондықтан олар кететін топтың бөлінуіне көмектесе алмайды. 3 жəне 4 бүйір тізбектерде қышқыл протоны бар, сондықтан олар кететін топтың бөлінуіне көмектесе алады. 2-ЖАТТЫҒУ Келесі амин қышқылдарының қайсысының бүйір тізбектері альдегидтің α-көміртегінен протонның бөлінуіне көмектеседі? 17.3 АЛЬДОЛАЗА МЕХАНИЗМІ Ферменттік реакциялардың бірінші жəне екінші түрлеріне арналған субстрат гликолаза (D-глюкоза) алты көміртекті қосылыс (18.4-бөлім). Гликолиздің соңғы өнімі үш көміртекті қосылыстың екі молекуласы (пируват). Осылайша, ферменттік реакциялар тобындағы бір кезде алты көміртекті қосылыс екі-үш көміртекті қосылысқа ыдырауы керек. Альдолаза ферменті осы ыдырауды катализдейді. Альдолаза фруктоза-1,6дифосфатты 3-фосфат-глицерин альдегиді мен дигидроксиацетон фосфатқа өзгертеді (17.2-сурет). Фермент альдолаза деп аталады, себебі кері реакция альдольді қосылу реакция (13.5-бөлім). Реакция келесідей сатылармен жүреді: • Реакцияның бірінші сатысында ферменттің белсенді орталығында фруктоза-1,6-дифосфат имин формасында лизиннің қалдығымен əректтеседі (12.7-бөлім). • Тирозин қалдығы негіздік катализатор ретінде С-3 жəне С-4 арасындағы байланыстарды үзеді. Осы сатыда түзілген 3-фосфат-глицерин альдегидінің молекуласы ферменттен бөлінеді. • Аралық енамин иминге өзгереді де, тирозин қалдығы қышқыл катализаторы ретінде реакцияға қатысады. • Имин гидролизденіп, дигидрокси ацетон фосфаты бөлінеді (12.7-бөлім), ал қалған үш көміртегінен өнім түзіледі.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==