279 Қанттар ерітіндіде көбінесе сақиналы формада болады, сондықтан фермент қанттың алты мүшелі сақинасын ашып, ол бес мүшелі сақинаға өзгеруі керек. Глюкозо-6-фосфат-изомеразаның белсенді орталығында үш каталитикалық топтар бар. Олардың бірі қышқыл катализатор рөлін жəне екеуі негіздік катализаторлар рөлін атқарады (17.1-сурет). Реакция келесідей жүреді: 17.1-сурет Глюкоза-6-фосфаттың фруктоза-6-дифосфатқа изомерлену реакциясының механизмі • Реакцияның бірінші сатысы сақинаның ашылуы. Негіздік катализатор (бүйір тізбекті гистидин) С-1-дегі ОН тобынан протонды бөледі жəне қышқылдық катализатор (лизиннің протонданған бүйір тізбегі) кететін топтың бөлінуімен оның протондануына əсер етіп, оны əлсіз негіз етеді, нəтижесінде кететін топ жеңіл бөлінеді (10.2-бөлім). • Реакцияның екінші сатысында негіздік катализатор (глутамат қалдығы) альдегидтің α-көміртегінен протонды бөледі. α-сутегінің біршама қышқыл болатындығын естеріңізге түсіріңіздер (13.1-бөлім). глюкоза-6-фосфат-изомераза глюкоза-6-фосфат фруктоза-6-фосфат Жалпы реакция қышқыл катализатор негіз катализато негіз катализатор қышқыл катализатор Протон негізбен катализденетін реагенттен бөлінеді Протон қышқылмен катализденетін реакциядағы реагентке беріледі
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==