276 е. Tyr, Lys Бастапқы полипептидте қанша дисульфидтік көпірше болатынын анықтаңыздар? 42. Келесі мəліметтер бойынша полипептидтегі амин қышқылы тізбектерін анықтаңыздар: а. пептидтің толық гидролизінен келесідей амин қышқылдары алынады: Ala, Arg , Gly, 2 Lys, Met, Phe , Pro, 2 Ser, Tyr, Val. ə. Эдман реагентімен ФТН-Val түзіледі. б. А Карбоксипептидаза қатысында Аlа түзіледі. в. Бромды цианмен келесідей екі пептид түзіледі: 1. Ala, 2 Lys , Phe , Pro, Ser, Tyr 2. Arg , Gly, Met, Ser, Val г. Трипсин қатысында келесі үш пептид түзіледі: 1. Gly, Lys, Met, Tyr 2. Аlа, Lys, Phe, Pro, Ser 3. Аrg, Ser, Val ғ. Химотрипсин қатысында үш пептид түзіледі: 1. 2 Lys, Phe, Pro 2. Аrg, Gly, Met, Ser, Tyr, Val 3. Ala, Ser 43. Аспартамды қышқыл катализаторы қатысында гидролиздесе (260-бет) қандай өнімдер алуға болады? 44. Доктор Ким С. Ағашқа өзінің қолтаңбасын қалдырып, Lys-Lys-Lys трипептидінің изоэлектрлік нүктесінің 10,6 екендігін көрсеткен. Студенттерінің бірі оның есептеулерінде қате болуы мүмкін деп көрсеткен, себебі лизиннің амин топтарының рКа мəні 10,8 жəне трипептидтің изоэлектрлік нүктесі кез келген жеке амин қышқылдарының рКа мəнінен жоғары деп. Студенттің ойы дұрыс па? 45. Leu-Phe-Lys-Val тетрапептид синтезінің сатыларын көрсетіңіздер. 46. а. Егер тізбекке əр амин қышқылын қосқанда шығымы 80% болса нонапептидтің жалпы шығымын есептеңіздер. ə. Егер тізбекке əр амин қышқылын қосқанда шығымы 80% болса, 15 амин қышқылы қалдығынан тұратын пептидтің жалпы шығымын есептеңіздер. 47. Не себепті пролин α-спиральді формада болмайды? 48. Келесі қосылыстардың қайсысы α-спиральді формада болмайды: аралас екі глутаматтар, аралас екі аспартат, немесе аспартатқа қосылған глутамат. 49. Аланин, серин жəне цистиннің карбоксил топтарының рКа мəндерінің айырмашылықтарын түсіндіріңіздер. 50. Ақуыздың С-соңғы түрі сулы ортада қоршалған ақуыз күйінде болады. Gln, Asp, Ser 2 жəне үш полюссіз амин қышқылдары С-соңғы амин қышқылдарына жатады. Егер сутектік байланыстың түзілуіне 3 ккал/моль, ал судан гидрофобты топты бөлу үшін 4 ккал/моль энергия жұмсалса, келесі жағдайлардағы С-соңғы ақуыздың түзілуін есептеңіздер: а. Əрбір полюсті топ бір молекулаішілік сутектік байланыс түзеді. ə. Екі полюсті топтан басқасы молекула аралық сутектік байланыстар түзеді.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==