274 қосылады: карбоксил тобынының белсенділігін ДЦК қосып арттыру жəне жаңа амин қышқылын қосу. Ақуыздардың біріншілік құрылымы бойынша амин қышқылдары дисульфидтік көпіршелер арқылы тізбектеліп орналасады. Пептидтің немесе ақуыздың Nсоңғы амин қышқылы Эдман реагенті бойынша идентифицирленеді; С-соңғы амин қышқылдары А карбоксипептидазамен идентификацияланады. Жартылай гидролиз бойынша пептидтік байланыстардың кейбіреулері ғана гидролизденеді. Пептидаза пептидтік байланыстарды гидролиздейді. Ақуыздың екіншілік құрылымы протеин қаңқасындағы сегменттердің орналасуын сипаттайды. α-Спираль жəне β-қатпарлы қабаттар екіншілік ақуыз құрылымының түрлері. Ақуыз тұрақтандырушы əсерлесудің: дисульфидтік көпірше, электростатикалық тартылыс жəне гидрофобтық əрекеттесу санын максималды арттыратындай орамдалады. Ақуыздың үшіншілік құрылымы ақуыздағы барлық атомдардың үш өлшемде орналасуын көрсетеді. Ақуыздардың төртіншілік құрылымы суббірліктердің бір-біріне қатысты орналасуын көрсетеді. ЖАТТЫҒУЛАР 26. Келесі амин қышқылдарының физиологиялық рН ортада (7,3) көп мөлшерде болатын формаларын көрсетіңіздер: а. лизин ə. аргинин б. тирозин 27. Сериннің изоэлектрлік нүктесі неге тең? 28. Көрсетілген реагент қатысында ыдырату нəтижесінде түзілетін пептидтерді көрсетіңіздер: а. Val- Arg-Gly- Met -Arg -Ala- Ser А карбоксипептидаза қатысында ə. Ser -Phe- Lys -Met- Pro -Ser -Ala- Asp бромды циан қатысында б. Arg -Ser- Pro-Lys -Lys -Ser- Glu-Gly трипсин қатысында 29. а. L-аспартат (R)-аспартат немесе (S)-аспартат изомерлерінің қайсысына жатады? ə. Жалпы D жəне L қатарларында R жəне S изомерлері бола ма? 30. Аспартамның изоэлектрлік нүктесі – 5,9. Оның физиологиялық рН ортадағы кең тараған формасын көрсетіңіздер. 31. Келесі ортадағы аспартамның көп мөлшерде болатын формасын сызыңыздар: а. рН = 1,0 б. рН = 6,0 ə. рН = 2,6 в. рН = 11,0 32. а. Не себепті бүйір тізбектегі глутаматтың рКа мəні бүйір тізбекте орналасқан аспартамның рКа мəнінен көп болады? ə. Не себепті бүйір тізбектегі аргининнің рКа мəні бүйір тізбекте орналасқан лизиннің рКа мəнінен көп болады? 33. Физиологиялық рН ортада 0,1М глицин-глицин-глицин буфері немесе 0,2М глицин ерітіндісінің қайсысының эффективтілігі жоғары болады? 34. а. рН 11 тек аргиннің бір азот атом ғана протонданады. Ол қайсысы?
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==