Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

273 16.13 АҚУЫЗДАРДЫҢ ДЕНАТУРАЦИЯСЫ (ҰЮУЫ) Жоғарғы дəрежедегі құрылған ақуыздың үшіншілік құрылымының бұзылуы денатурация деп аталады. Ақуыздың үшіншілік құрылымын ұстап тұратын байланыстардың үзілуі ақуыздың денатурациялануына (бұзылуына) əкеледі. Бұл байланыстар əлсіз болғандықтан, ақуыздар жеңіл денатурацияланады. Ақуыздардың денатурациялануының келесідей кейбір жолдары бар: • рН өзгеруінен ақуыз денатурацияланады, себебі бұл бүйір тізбекке жұмсалатын күшті өзгертеді. Сонымен қатар бұл электростатикалық тартылыспен сутектік байланыстарды бұзады. • Мочевина сияқты реагенттер ақуыздар түзілетін топтар арасындағы сутектік байланыстарға қарағанда ақуыздық топтар арасындағы күшті сутектік байланыстарды үзіп ақуызды денатурациялайды. • Органикалық еріткіштер гидрофобтық əрекеттесуді бұзып, ақуыздарды денатурациялайды. • Ақуыздар, сондай-ақ тартылыс күші үзілетін жылу немесе жылжу əсерінен де денатурацияланады. Бұған жұмыртқа ақуызының қыздырғанда немесе көпірткенде байқалатын өзгерісі жақсы мысал бола алады. ҚОРЫТЫНДЫ Пептидтер жəне ақуыздар дегеніміз пептидтік (амидтік) байланыстармен қосылған амин қышқылдарының полимерлері. Дипептидте екі амин қышқылының қалдығы, ал полипептидте бірнеше амин қышқылдарының қалдықтары болады. Ақуыздардың құрамында 40-4000 амин қышқылдарының қалдықтары болады. Амин қышқылдары өзара α-көміртегіндегі орынбасарлар бойынша өзгешеленеді. Табиғатта кездесетін амин қышқылдарының басым көпшілігі L-конфигурацияда болады. Амин қышқылдарының карбоксил топтарының рКа мəні 2-ге тең жəне протонданған амин қышқылдарының рКа мəні 9-ға тең. Физиологиялық рН-та амин қышқылдары цвиттер ион түрінде кездеседі. Амин қышқылдарының изоэлектрлік нүктесі – амин қышқылдарының заряды болмайтын рН мəні. Амин қышқылдарының қоспасы изоэлектрлік нүктелеріне байланысты электрофорез əдісімен бөлінеді. Жеке амин қышқылдарын бөлу ион алмастырғыш хроматография əдісімен жүргізіледі. Амин қышқылдарының анализаторы ион алмастырғыш хроматографияны автоматтандыратын аспап. Амин қышқылдарының қалдықтарындағы амидтік байланыстар пептидтік байланыстар деп аталады. Цистеиннің екі қалдығы құрамында екі дисульфидтік көпіршесі бар цистинге дейін тотығады. Пептидтер мен ақуыздарда бос амин топтары тізбектің сол жағында (N-соңғы амин қышқылдары) жəне бос карбоксил топтары (С-соңғы амин қышқылдары) тізбектің оң жағына жазылады. Пептидтік байланыстарды синтездеу үшін N-соңғы амин қышқылдарындағы амин тобы (ди-үшіншілік бутил дикарбонатпен) жəне С-соңғы тобы (ДЦК) қорғалған болуы керек. Екінші амин қышқылы дипептидке қосылады. Амин қышқылдары өсіп келе жатқан С-соңғы амин қышқылының тізбегіне екі сатыда

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==