Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

271 16.11-сурет Ақуыздың үшіншілік құрылымына жауапты өзара əрекеттесудің тұрақтануы.  24-ЖАТТЫҒУ Суда еритін ақуызбен салыстырғанда мембрана ішіндегі ақуыздың айырмашылығы қандай? (Көмекке: мембраналар полюссіз, 19.4-бөлімді қараңыздар). 16.12 АҚУЫЗДАРДЫҢ ТӨРТІНШІЛІК ҚҰРЫЛЫМЫ Кейбір ақуыздарда бірнеше пептидтік тізбектер болады. Жеке тізбектер суббірліктер деп аталады. Суббірліктер ақуыздың жеке тізбектерін үш өлшемді конформацияда гидрофобтық əрекеттесу, сутектік байланыстар жəне электростатикалық тартылыстар сияқты өзара əсерлесулер нəтижесінде болады. Ақуыздардың төртіншілік құрылымы суббірліктердің кеңістікте орналасу тəсілдерін сипаттайды. Мысалы, гексамер сияқты алты суббірліктің мүмкін болатын механизмі төменде көрсетілген:

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==