Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

269 16.9-сурет А карбоксипептидаза құрылымының қаңқасы: спиральді сегменттер күлгін түсті; немесе қатпарлы қабаттары N-C бағытын көрсететіндей жалпақ жасыл меңзермен белгіленген. 16.11 АҚУЫЗДЫҢ ҮШІНШІЛІК ҚҰРЫЛЫМЫ Ақуыздың үшіншілік құрылымы ақуыз молекуласындағы барлық атомдардың үш өлшемде орналасуын көрсетеді (16.10-сурет). Ақуыз ерітіндіде тұрақтылығын арттыру үшін реттсіз күйде болады. Тұрақтану əр жолы екі атомның өзара əрекеттесуі арқылы жүргенде бос энергия бөлініп отырады. Бос энергия неғұрлым көп бөлінсе ақуыз соғұрлым тұрақты болады. Сол себептен ақуыз тұрақтандыратын əсерлері максималды болатындай жағдайда болады. Ақуыздардың тұрақтандырушы əсерлері олар дисульфидтік жəне сутектік байланыстар, электростатикалық тартылыс күші (аттас зарядтар арасындағы тартылыс), гидрофобты əрекеттесу (полюссіз топтар арасындағы тартылыс). Тұрақтандырушы əсерлесу пептидтік топтар арасында (ақуыздың негізгі тізбегіндегі атомдар), бүйір тізбектегі топтар арасында (α-орынбасарлар), сондай-ақ пептидтік байланыстар мен бүйір тізбектегі топтар арасында жүреді (16.11-сурет). Бүйір тізбектегі топтар ақуыздың қатпарларын, үшіншілік құрылымы оның біріншілік құрылымдарын анықтайды. Ақуыздардың басым көпшілігі сулы ортада болады. Сондықтан судағы полюсті топтардың максималды саны ақуыздың айналасында, ал полюссіз топтар одан алшақ орналасады.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==