Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

268 16.8-сурет Суреттегі β-қатпарлы жолақтың сегменті оның қатпарлану сипатын көрсетеді. Көрші тізбектегі амин қышқылдарының α-көміртегіндегі орынбасарлар (R) β-қатпарлы қабаттар бірбіріне жақын орналасқан. Егер сутекті байланыстардың өзара əрекеттесуін көбейтетіндей тізбектер бір-біріне өте жақын орналасатындай болса, ондағы орынбасарлар аса үлкен болмауы керек. Мысалы, жібекте аса үлкен емес амин қышқылдары (глицин жəне аланин) өте көп, сондықтан β-қатпарлы қабаттардың сегменттері өте үлкен болады. Жүн мен бұлшық еттің талшықты ақуызы α-спиральді екіншілік құрылымдық ақуыздарға мысал бола алады. Сондықтан мұндай ақуыздар созылмалы болады. Бұған керісінше жібек жəне тор сияқты қатпарлы жолақтар түріндегі екінші құрылымдық ақуыздар созылмайды. Себебі, β-қатпарлы қабаттар толық созылып кеңейген. Протеиннің негізгі осінің жартысынан азы белгілі α-спиральді немесе βқатпарлы қабатты екіншілік құрылыммен орналасқан. Ақуыздың қалған бөлігінің көпшілігі сипаттауы қиын ретсіз орналасқан (16.9-сурет). N-соңғы С-соңғы С-соңғы N-соңғы 3-D молекула: α-спираль 3-D молекула: β-қатпарлы қабаттар

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==