267 α-Спираль Екіншілік құрылым спиральдің бір түрі α-спираль. α-Спиралі ақуыз молекуласы осінің айналасында полипептидтік катушканың негізі. Аминқышқылдарының α-көміртегіндегі орынбасарлар спиральдің сыртына шығып тұрады да, кеңістіктік кедергіні азайтады (16.7а-сурет). Спираль сутектік байланыстармен тұрақталады; амидтік азотқа қосылған əр сутегі атомы алыс тұрған төртінші амин қышқылының карбонилді оттегімен байланысады (16.7ə-сурет). 16.7-сурет (а) спиральдағы ақуыз сегменті. (ə) спираль пептидтік топтар арасындағы сутектік байланыстармен тұрақталған. (б) α-спиральдің осі бойымен көрінісі. β-қатпарлы қабаттар Екіншілік құрылымның екінші түрі қатпарлы қабаттар. β-типті қатпарлы қабаттарды еске түсіретін полипептидтің негізгі иірленген құрылымы. β-типті қатпарлы қабаттардағы сутектік байланыстар көрші пептидтік тізбектер арасында түзіледі (16.8-сурет). сутектік байланыс ə. б. а.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==