Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

266 Трипсин құрамында С-соңғы қышқылы аргинин мен лизин болатын кез келген пептидті С-аргинин жəне лизин жағынан ыдыратады. Осылайша аргинин 4-пептидтегі С-соңғы қышқыл, ал алдыңғы үш қышқылдар лейцин-серин-аргинин. Сондай-ақ, біз лизин мен аланиннің жақын қышқылдар екендігін де білеміз. Себебі, егер олар аланин-лизин болса трипсинмен ыдырағанда аланин, лизин дипептиді түзіледі. Трипсин, сонымен қатар гистидин мен лизиннің де орнын анықтайды.  23-ЖАТТЫҒУ Келесі мəліметтер бойынша октапептидтің негізгі құрылымын анықтаңыздар: Қышқылдық гидролизден 2 Arg, Leu, Lys , Met, Phe , Ser, Тyr түзіледі. Карбоксипептидаза қатысында Ser түзіледі. Эдман реактивінен лейцин түзіледі. Бромды циан қатысында амин қышқылдық құрамы келесідей болатын екі пептид түзіледі: 1. Arg, Phe , Ser 2. Arg, Leu, Lys, Met, Tyr Трипсин қатысында төмендегідей екі амин қышқылы мен екі пептид тізіледі: 3. Arg 4. Ser 5. Arg, Met, Phe 6. Leu, Lys, Tyr 16.10 АҚУЫЗДЫҢ ЕКІНШІЛІК ҚҰРЫЛЫМЫ Ақуыздардың екіншілік құрылымы пептид немесе ақуыздың негізгі тізбегіндегі сегменттердің қайталанатын конформациясын сипаттайды. Басқаша айтқанда, екіншілік құрылым сегменттердің қайталануын сипаттайды. Конформация пептидтік топтар арасындағы сутектік байланыстар арқылы тұрақталады, яғни бір амин қышқылындағы азотпен байланысқан сутегі мен екінші амин қышқылындағы карбонилді топттың оттегі арасында түзіледі. (3.7-бөлім).

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==