Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

265 • Ары қарай гидролиз карбоксил жəне спирттік топтардың ашылуына əкелетін сақиналы күрделі эфирдің түзілуіне əкеледі (11.9-бөлім).  21-ЖАТТЫҒУ Көрсетілген реагенттердің ыдырау нəтижесінде қандай пептидтер түзіледі: а. His- Lys- Leu-Val -Glu- Pro-Arg -Ala- Gly -Ala трипсин бойынша ə. Leu- Gly -Ser -Met- Phe-Pro- Tyr -Gly- Val химотрипсин бойынша  22-ЖАТТЫҒУ ШЕШІМІ Келесі мəліметтер бойынша полипептидтегі амин қышқылы тізбектерін анықтаңыздар: Қышқылдық гидролизден Ala , Arg, His, 2 Lys, Leu , 2 Met , Ser, Тре, Вал түзіледі. Карбоксипептидаза қатысында валин түзіледі. Эдман реагентімен реакциядан ФТН – лейцин алынады. Бромды циан қатысында ыдырағанда амин қышқылдық құрамы келесідей болатын үш пептид алынады: 1. His, Lys, Met 2. Тре, Вал 3. Ala, Arg , Leu, Lys , Met, Ser Трипсин қатысындағы гидролизден үш пептид жəне бір амин қышқылы түзіледі: 4. Arg, Leu, Ser 5. Met, Тре, Вал 6. Lys 7. Ala, His, Lys , Met ЖАТТЫҒУДЫ ОРЫНДАУ ЖОЛЫ Орындалу жолы. Қышқыл катализатор қатысындағы гидролиз полипептид құрамында 11 амин қышқылы болатындығын көрсетеді. Лейцин N-соңғы амин қышқылына жатады (Эдман реагенті бойынша анықталған) жəне валин С-соңғы қышқыл болады (карбоксипептидаза А көмегімен анықталған). Бромды цианмен С-метионин жағы ыдырайтындықтан, құрамында метионині бар кез келген пептид жəне метионині жоқ пептид С-соңғы пептид болуы керек. Біз 3 пептидтің құрамында лейцин болғандықтан, оның N-соңғы пептид екендігін білеміз. Бұл гексапептид болғандықтан, пептидте алты амин қышқылы бар, ал полипептидтегі он бірінші амин қышқылы метионин. Біз, сондай-ақ тоғызыншы амин қышқылының метионин екендігін білеміз. Себебі, бромцианмен ыдырағанда треонин мен валин дипептидін береді. Бромды циан қатысындағы гидролиз тоғызыншы қышқылдың треонин екендігін көрсетеді.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==