Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

263 16.4-кесте. Пептид немесе ақуыздың ыдырау сипаты Реагент сипаттамасы Химиялық реагенттер Эдман реагенті N-соңғы амин қышқылын бөледі Бромциан С-жақтағы метионинді гидролиздейді Пепсидаза* Карбоксипептидаза С-соңғы амин қышқылдарын (аргинин мен лизиннен басқа) бөледі Трипсин С-жағындағы аргинин мен лизинді гидролиздейді Химотрипсин Ароматты алты мүшелі сақиналары бар (Phe, Tyr, Trp) С-амин қышқылды жағын гидролиздейді * Егер пролин гидролизденбесе ыдырамайды. Осылайша, трипсин гексапептид, дипептид жəне екі трипептид түзу арқылы келесі үш пептидтегі пептидтік байланыстарды катализдейді. Химотрипсинде ароматты алты мүшелі сақиналары бар (Phe, Tyr, Trp) пептидтік байланыстың С-амин қышқылды жағын катализдейді. Егер гидролиз аймағында пролин болмаса пептидаза пептидтік байланыстың гидролизін катализдемейді. Бұл ферменттер гидролизді формасы мен зарядына сəйкес жерін таңдайды жəне пролиннің сақиналы формасы белгісіз үш өлшемді құрылымын гидролизге ұшыратады (17.1-бөлім). 3-D Молекула: Карбоксипептидаза

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==