261 19-ЖАТТЫҒУ Инсулиннің біріншілік құрылымын анықтағанда бірден көп полипептидтік тізбектің түзілетіндігі жайлы қандай қорытынды жасауға болады? N-соңғы амин қышқылы анықталғаннан кейін ақуыздың үлгісі сұйытылған қышқылмен гидролизге ұшыратылады. Бұл жартылай гидролиз деп аталатын өңдеу тек кейбір пептидтік байланыстарды ғана гидролиздейді. Алынған бөлшектерді бөліп, амин қышқылдық құрамын электрофорез немесе амин қышқылдық анализаторда анықтайды (16.2-бөлім). Бастапқы ақуыз тізбектері бөлініп, пептидтерге құралып, қаптасу нүктелерін іздестіреді. ЖАТТЫҒУДЫ ОРЫНДАУ ЖОЛЫ Нонапептид жартылай гидролизге түсіп, амин қышқылдық құрамы төменде көрсетілгендей пептидтер түзіледі. Бұзылмаған нонапептидтің Эдман реагентімен реакциясынан ФТН-лейцин түзіледі. Нонапептидтің тізбектері қандай? 1 . Pro, Ser 3. Met, Аlа, Leu 5. Glu , Ser , Val Pro 7. Met , Leu 2. Gly, Glu 4. Gly , Ala 6. Glu , Pro , Gly 8. His, Val • Себебі, біз білеміз N-соңғы амин қышқылы лейцин, сондықтан құрамында лейцин болатын бөлікті іздеуіміз керек. Бізге (7) бөлік метиониннің лейцинмен қатар тұрғанын жəне (3) фрагментте аланиннің бар екендігін глутаминнің аланиннің қатар орналасқандығын көрсетеді. • Енді біз аланин бар бөлікті іздейміз. (4) бөлікте аланин бар жəне ол глутаматтың аланинмен қатар екендігін білдіреді. • Біз (2) бөліктен глутаматтың алыс орналасқандығын көреміз. (5) жəне (6) бөліктерде де глутамат бар. • (5) бөліктегі үш амин қышқылы бізге өсіп келе жатқан пептидті тізбекті (Ser , Val, Pro) көрсетеді, бірақ (6) бөлікте тек бір қышқыл бар, сондықтан (6) бөліктегі пролин келесі амин қышқылы болады. Ө М І Р Б А Я Н Инсулин негізгі тізбектері анықталған алғашқы ақуыз. Оны 1953 жылы Фредерик Сэнгер анықтаған. Ол осы еңбегі үшін 1958 жылы Нобель сыйлығына ие болған. Сэнгер 1918 жылы Англияда дүниеге келген. Кембридж университетінде философия докторы атағын алып, сол жерде қызмет еткен. Сондай-ақ ол 1980 жылы ДНК молекуласының (нуклеотидтердің 5375 жұбы) тізбектерін зерттегені үшін химия саласы бойынша Нобель сыйлығының үлескері атанған (20.10-бөлім).
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==