260 БІРІНШІЛІК ҚҰРЫЛЫМ ЖƏНЕ ЭВОЛЮЦИЯ Ғалымдар ағзада əртүрлі қызмет атқаратын ақуыздың негізгі құрылымдарын қарастырғанда олар ақуыздың құрамындағы аминқышқылдарының мөлшерін əр түрлерінің арасындағы таксономиялық жақын қатынасты анықтаған. Мысалы, с цитохромы биологиялық тотығуда электрондарды тасымалдайтын 100 амин қышқылы қалдықтары бар ақуыз. Ашытқының с цитохромы жылқының с цитохромынан 48 амин қышқылымен өзгешеленеді. Ал үйрек с цитохромы тауықтың с цитохромынан тек екі амин қышқылына өзгешеленеді. Осылайша, үйрек жəне тауықтар таксономиялық жағынан жылқы мен ашытқыға қарағанда бір-біріне жақын болады. Осыған ұқсас тауық пен күркетауықтың с цитохромдарының біріншілік құрылымдары бірдей. Жылқылар мен шимпанзенің де с цитохромдары макаканың с цитохромынан бір амин қышқылы бойынша өзгешеленеді. 16.9 ПЕПТИДТЕР НЕМЕСЕ АҚУЫЗДАРДЫҢ БІРІНШІЛІК ҚҰРЫЛЫМДАРЫН АНЫҚТАУ N-соңғы амин қышқылды пептид немесе ақуызды идентификациялайтын əдіс ақуыздың Эдман реагенті деп аталатын фенилизотиоцианатымен (ФИТЦ) реакциясы. Бұл реагент N-соңғы амин қышқылының амин тобымен əрекеттесіп, ФТН-амин қышқылын бөліп пептид бір амин қышқылына азаяды. Əр амин қышқылында əртүрлі орынбасар болатындықтан (R), əр қышқылдан түрлі ФТН-амин қышқылдары түзіледі. Нақты ФТН-амин қышқылы белгілі стандарттарды қолдану арқылы хроматография əдісімен идентификацияланады. Ақуыз Эдман əдісі бойынша сатылы түрде бірнеше деградатацияланады. Секвенатор деген атпен белгілі автоматтанған прибор Эдман əдісі бойынша 50 сатылы деградацияны орындай алады. Барлық негізгі сатыларының бəрі толық анықталмайды, бірақ қосымша өнімдер ретінде алынған нəтижелерге əсер етеді.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==