259 1980 жылдардың басында ақуыздарды гендік инженерия əдісімен синтездеу мүмкін бола бастады. Бактериялық жасушаға енгізілген ДНҚ тарамдары қажетті ақуыздың мөлшерін тудырады (20.12-бөлім). Мысалы, адам инсулинінің жаппай мөлшері генетикалық модифицирленген E.coli. бактериясынан алынады. ТƏТТІ ДƏМДЕУІШТЕР Аспартам сияқты синтетикалық тəтті дəмдеуіштер (15.17-бөлім) L-аспартат жəне L-фенилаланин дипептидінің метил эфирі. Аспартам глюкозадан 200 есе тəтті. Ал осы дипептидтің этил эфирінің, керісінше тəтті дəмі жоқ. Егер D-амин қышқылын аспартамның кез келген L-амин қышқылына алмастырса, нəтижесінде түзілетін дипептид ащы болады. 17-ЖАТТЫҒУ Валин мен N-қорғалған лейцин қоспасын қыздырса қандай дипептид түзіледі? 18-ЖАТТЫҒУ Егер тізбекке амин қышқылын қосқанда шығым 70% болса, нонапептидтің жалпы шығымын есептеңіздер? 16.8 АҚУЫЗДАРЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫНА СИПАТТАМА Ақуыздардың төрт түрлі құрылымы болады. Ақуыздың біріншілік құрылымында амин қышқылдары тізбекте барлық дисульфидтік көпіршелер арқылы ретпен орналасқан. Екіншілік құрылымы ақуыздың бөліктері бұралып реттелген конфигурациямен сипатталады. Үшіншілік құрылымда толық полипептид үш өлшемді құрылымда болады. Егер ақуызда бірден көп полипептидтік тізбек болса, ол төртіншілік құрылымды болады. Ақуыздың төртіншілік құрылымында оның жеке тізбектері бір-біріне қатысты орналасады. аспартам тəтті дəмдеуіш
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==