Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

258 Амин қышқылдары өсіп келе жатқан С-соңғы амин қышқылына екі сатымен қосылады: С-соңғы амин қышқылы пептидінің карбоксил тобын ДЦК-пен өңдеу жəне жаңа амин қышқылын қосу. Тізбекке қажетті амин қышқылының мөлшері қосылғаннан кейін N-соңғы амин қышқылындағы қорғаушы топ бөлінеді. Теориялық жағынан қарағанда қажетті бір пептид түзілуі керек. Реакция нəтижесінде 100% өнім түзілмейді жəне өнімді өңдеу кезінде шығын да болады. Синтездің əр сатысынан кейін қалған реагенттермен жанама реакциялар жүрмеуі үшін пептид тазалануы керек. Егер əр амин қышқылы 80% шығыммен өсіп келе жатқан пептидтік тізбекке қосылатын болса, нонапептидтің жалпы шығымы тек 17% болады. Яғни, үлкен полипептидтер бұл жолмен синтезделмейді. Амин қышқылдарының саны 1 2 3 4 5 6 7 8 9 Орташа шығымы 80% 64% 51% 46% 41% 33% 26% 21% 17% N-қорғалған дипептид N-қорғалған трипептид

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==