Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

257 Карбоксил тобын белсендендіруші ретінде жиі қолданылатын реагент – дициклогексилкарбодиимид (ДЦК). ДЦК бөлінетін топты карбонилді көміртегіне қою арқылы карбоксил тобының белсенділігін арттырады. Осыдан кейін амин қышқылында Nсоңғы тобы қорғалған жəне С-соңғы тобының белсенділігі арттырылған болады да, екінші амин қышқылы қосылады. Екінші амин қышқылының қорғалмаған амин тобы белсенділігі арттырылған карбоксил тобын шабуылдайды да, нəтижесінде жаңа пептидтік байланыс түзіледі. N-соңғы амин қышқылында қорғалған амин тобы жəне карбоксил тобының белсенділігі арттырылған болуы керек.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==