256 16.7 ПЕПТИДТІК БАЙЛАНЫСТЫҢ РӨЛІ N-қорғану жəне С-белсенделудің синтезделуі Полипептидтерді синтездеудегі қиындықтардың бірі екі функционалдық топтарын əртүрлі əдістермен біріктіруден алынған құрылысы белгілі болғанда пайда болады. Мысалы, сіздер глицин-аланин дипептидін синтездегілеріңіз келді делік. Бұл дипептид аланин мен глицин қоспасынан түзілетін төрт дипептидтің бірі. Егер N-соңғыда болуы керек амин қышқылы (бұл жағдайда глицин) қорғалған болса, ол пептидтік байланыс түзуге қатыса алмайды. Егер амин қышқылының карбоксил тобы екінші амин қышқылын қосар алдында амин тобы бар амин қышқылын қосу арқылы белсендендірілген болса (бұл жағдайда аланин), онда ол глициннің белсендендірілген карбоксил тобымен əрекеттеседі. Амин қышқылдарындағы амин тобын қорғау үшін жиі қолданылатын реагент – ол екі-үшіншілік-бутил екі карбонат. Оның танымалдылығы қорғаушы топтың қорғаныс қажеттілігі аяқталғаннан кейін жеңіл бөлінетіндігінде. Gly-Ala Ala-Ala Gly-Gly Ala-Gly 3-D молекула: глутатион; глутатионның тотығуы екі-үшіншілік-бутил екі карбонат
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==