Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

255 ПЕПТИДТІК ГОРМАНДАР Брадикинин, вазопрессин жəне окситоцин пептидтік гормондарға жатады. Олардың барлығы – нонапептидтер. Брадикинин ұлпаның қабынуын тежейді. Вазопрессин бұлшық еттердің жиырылуы арқылы қан қысымын реттейді; сондай-ақ ол – антидиуретик. Окситоцин жатырдың жиырылуын реттей отырып жүкті əйелдердің іші өсіп отырады, сондай-ақ бала емізетін əйелдерде сүттің пайда болуына көмектеседі. Вазопрессин мен окситоцинде дисульфидтік көпіршелер бар. Олардың С-соңғы амин қышқылдарында карбоксил топтары емес амид топтары болады. С-соңғы амин қышқылдарының атауынан кейін С-соңғы амидтік топтар «NH2» деп белгіленетіндіге назар аударыңыздар. Физиологиялық эффектілерінің əртүрлілігіне қарамастан вазопрессин мен окситоцин бір-бірінен тек екі амин қышқылдары арқылы өзгешеленеді. Окситоцин алғаш рет синтезделген кішкентай пептид. Оны 1953 жылы Винсент дю Вигнауд (1901-1978) синтездеген, кейіннен ол вазопрессинді де синтездеп алады. Ол Чикагода дүниеге келген жəне Джордж Вашингтон университетінің медициналық мектебінде, кейіннен Корнелл университетінің медициналық колледжінде профессор болады. Нонапептидтер синтезі үшін ол 1955 жылы Нобель сыйлығын иеленді.  16-ЖАТТЫҒУ Глутатион ағзадағы зиянды тотықтырғыштарды жоятын трипептид. Тотықтырғыштар қартаюға əкеледі жəне ісік ауруларына себепші болады. Глутатион тотықтырғышты жойып тотығады, нəтижесінде де екі глутатион молекуласының арасында дисульфидтік байланыс түзіледі (254 жəне 254-беттерді қараңыздар). а. Глутатион қандай амин қышқылына жатады? ə. Глутатион құрылысының ерекшелігі қандай? (Егер сіздер бұл сұраққа жауап бере алмасаңыздар трипептид құрылысын сызып, глутатионның нақты құрылысымен салыстырыңыздар). глутатион Брадикинин Вазопрессин Окситоцин

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==