Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

254 Өттен бөлінетін инсулин гормоны глюкозаның метаболизмін реттеу арқылы қандағы глюкоза деңгейін реттейді. Инсулин екі пептидтік тізбектен құралған полипептид. Сондай-ақ оның құрамында екі тізбекті біріктіретін үш дисульфидтік көпірше бар. ШАШТАР: ТІК НЕМЕСЕ БҰЙРА? Шаш цистеин қалдықтарының көп мөлшерінен құралған кератин деп аталатын ақуыздардан тұрады. Кератиннің құрамында оның үш өлшемдік құрылымын сақтайтын көптеген дисульфидтік көпіршелер болады. Адамдар осы дисульфидтік көпіршелердің орналасуын өзгерту арқылы өздерінің шаштарының құрылысын өзгерте алады (егер ол қатты тік немесе тым бұйра шашты болса). Бұл өзгерістер ақуыз жіптеріндегі дисульфидтік көпіршелер санын азайтатын заттарды қолдану арқылы жасалады. Содан кейін шашты қажетті түрге келтіргеннен кейін (бұйралау немесе оларды тарап түзету), жаңа пайда болған дисульфидтік көпіршелердің қалыптасуы үшін тотықтырғыштар қолданылады. Жаңадан пайда болған дисульфидтік көпіршелер шашқа жаңа форма береді. Мұндай əдіс тік шаштарға қолданылғанда «бұйралау» деп аталады. Ал бұйра шаштарға қолданылғанда «шашты түзулеу» деп аталады. бұйра шаш тік шаш

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==