Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

253 Дисульфидтік байланыстар Тиолдар жұмсақ жағдайда тотыққанда дисульфидтер түзіледі. Дисульфидтер дегеніміз – құрамында S-S байланыстары бар қосылыстар. Тиолдар дисульфидтерге дейін тотығатындықтан, дисульфидтерді тотықсыздандырып тиолдарды алуға болады. Цистеин құрамында тиол тобы бар амин қышқылына жатады. Яғни, цистеиннің екі молекуласы дисульфидке дейін тотығады. Нəтижесінде алынатын дисульфид цистин деп аталады. Ақуыз құрамындағы екі цистеин қалдығы дисульфидтік көпірше деп аталатын байланыс түзіп, дисульфидке дейін тотығады. Дисульфидтік көпірше 16.6-суретте көрсетілген пептидтік тізбектің əр жеріндегі цистеин қалдықтарын байланыстыру арқылы ақуыздың қалыптасуына ықпал етеді. 16.6-сурет Пептид бөліктерін біріктіретін дисульфидтік көпіршелер

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==