252 Жартылай қос байланыстық сипат пептидтік байланыстың еркін айналуын болдырмайды; Осылайша көміртегі мен азот атомдары жəне екі атоммен қосылған пептидтік байланыс жазықтықта орналасады (16.5-сурет). 16.5-сурет Полипептидтік байланыстың бір бөлігі. Түсті шаршылар əрбір пептидтік байланыстағы жазықтықты көрсетеді. R тобының пептидтің байланыс жанындағы α-көміртегінде орналасатындығына назар аударыңыздар. 12-ЖАТТЫҒУ Gly-Val жəне Val-Gly сызыңыздар. 13-ЖАТТЫҒУ Ala-Тre-Asp-Asn тетрапептидін сызып, ондағы пептидтік байланыстарды көрсетіңіздер. 14-ЖАТТЫҒУ Үш əріптік қысқартылған түрлерін қолданып, аланин, глицин жəне метиониннен тұратын алты үшпептидті жазыңыздар. 15-ЖАТТЫҒУ Негізгі пептидтік байланыс тізбегіндегі қандай байланыстар еркін айналады? ЭНКЕФАЛИНДЕР Энкефалиндер ағзада ауру сезімін бақылау үшін синтезделетін пентапептидтер. Олар мидың белгілі жасушаларындағы рецепторлармен байланысу арқылы ағзаның ауруға деген сезімталдығын төмендетеді. Энкефалиндердің үш өлшемді құрылымының бір бөлігі ауруды сездірмейтін рецептормен байланысатын дəрі Демеролға қосылатындықтан, морфин сияқты байланысуы ұқсас болуы керек (21.6-бөлім). лейцин энкефалині метионин энкефалині
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==