251 16.6 ПЕПТИДТІК ЖƏНЕ ДИСУЛЬФИДТІК БАЙЛАНЫСТАР Пептидтік жəне дисульфидтік байланыстар амин қышқылдары қалдықтарын пептидке немесе ақуызға біріктіруші жалғыз коваленттік байланыс. Пептидтік байланыс Амин қышқылы қалдықтарын біріктіретін амидтік байланыс пептидтік байланыс деп аталады. Бос амин топтары (N-соңында болатын амин қышқылдары) пептидтер мен ақуыздардың сол жағында жəне бос карбоксил топтары (С-соңында болатын амин қышқылдары) оң жағында орналасады. Пептидтің құрамында орналасу реті белгісіз амин қышқылдары болса, онда амин қышқылдары үтір арқылы бөлінеді. Ал егер амин қышқылдарының орналасу реті белгілі болса, амин қышқылдары дефис арқылы қосылады. Төменде берілген пентапептидтегі валин N-соңында болатын амин қышқылы жəне гистидин С-соңында болатын амин қышқылы. Мұндағы амин қышқылдары N-соңғы жағынан бастап нөмірленген. Глутамат N-соңғы жағынан санағанда төртінші орналасқан амин қышқылының қалдығы, сондықтан ол Glu 4 деп аталады. Пептидтік байланыс электрондардың делокализациялануынан, шамамен 40% қос байланыстық сипатқа ие (7.4-бөлім).
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==