250 Егер əр фракцияға нингидринді қосса, ондағы амин қышқылдарының амин қышқылының нингидринмен реакциясы нəтижесінде түзілетін түсті қосылыстың (16.4-сурет) оптикалық тығыздығының интенсивтілігін өлшейтін көрінетін спектроскопия əдісімен анықтауға болады (7.10-бөлім). 16.4-сурет Амин қышқылдарының қоспасын автоматтанған амин қышқылдарының анализаторын бөлуден алынған хроматограмма. 11-ЖАТТЫҒУ Келесі амин қышқылдары жұбын 16.2-суретте көрсетілген ион алмастырғыш шайырмен толтырылған колонкадан жуылу (ерітінді рН=4) ретін түсіндіріңіздер: а. треонинге дейін глутамат ə. лейцинге дейін аланин СУДЫ ЖҰМСАРТҚЫШТАР: КАТИОНДЫ АЛМАСТЫРҒЫШ ХРОМАТОГРАФИЯҒА МЫСАЛДАР Суды жұмсарту үшін натрий хлоридінің концентрлі ерітіндісімен жуылған катионды алмастырғыш шайыры бар колонкаға жіберіледі. «Кермек су» (кальций жəне магний иондары көп мөлшердегі су, 11.10-бөлімді қараңыздар) колонкадан өткенде шайыр магний жəне кальций иондарын ұстап қалады да, натрий иондарымен байланысады. Осылайша судың кермектігін жою үшін құрамындағы магний жəне кальций иондары бөлініп натрий иондарымен алмасады. Ион алмастырғыш шайыр магний жəне кальций иондарын натрий иондарымен алмастыру үшін натрий хлоридінің концентрлі ерітіндісімен жуылып, натрий ионымен қанығып отыруы керек. интенсивтілігі элюент (мл) Катион алмастырғыш шайырлар катиондарды біршама жақсы ұстайды. оқулық: Электрофорез жəне изоэлектрлік нүкте
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==