248 10-ЖАТТЫҒУ Валинді нингидринмен өңдесе қандай альдегид түзіледі? Ионалмастырғыш хроматография Ионалмастырғыш хроматография əдісімен амин қышқылдарын тек қана анықтап қоймай, сонымен қатар олардың қоспадағы мөлшерін де анықтауға болады. Бұл əдісте ерімейтін полимерлермен толтырылған колонкалар қолданылады. Амин қышқылдарының қоспасы колонканың жоғарғы жағынан енгізіліп рН жоғары буферлік ерітіндімен жуады. Амин қышқылдары колонкада əртүрлі жылдамдықпен қозғалатындықтан жеке қышқыл түрінде бөлініп шығады. Ион алмастырғыш шайырдың бүйір тізбектері зарядталған химиялық инертті зат. Əдісте жиі қолданылатын ион алмастырғыш шайырдың құрылымы 16.2-суретте көрсетілген. Егер рН=6 болатын ерітіндідегі лизин мен глутамат қоспасын колонкаға енгізсе, глутамат колонка бойымен төмен қарай жылдам қозғалады, себебі оның теріс зарядталған бүйір тізбектері ион алмастырғыш шайырдың теріс зарядталған тобымен тебіседі. Екіншіден, лизиннің оң зарядталған бүйір тізбегі оның колонкада қозғалмай қалуына əсер етеді. Ион алмастырғыш шайырлардың мұндай түрі колонкадан өтетін оң зарядталған Na+ бөлшектермен алмасатын қарсы SO3 - иондары болғандықтан, катион алмастырғыш шайырлар деп аталады. Бұдан басқа біршама полюссіз колонка оның полюсті амин қышқылдарынан ұзынырақ полюссіз амин қышқылдарын ұстап қалады. Егер ерітіндінің рН мəні амин қышқылдарының изоэлектрлік нүктесінің мəнінен төмен болса оң зарядталған жəне ерітіндінің рН мəні амин қышқылдарының изоэлектрлік нүктесінің мəнінен жоғары болса теріс зарядталады
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==