Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

247 16.5 АМИН ҚЫШҚЫЛДАРЫН БӨЛУ Амин қышқылдарының қоспасын əртүрлі əдістермен бөлуге болады. Олардың екеуі төменде қарастырылады. Электрофорез Электрофорез амин қышқылдарын олардың изоэлектрлік нүктелерінің мəні бойынша бөледі. Амин қышқылдары қоспасы ерітіндісінің бірнеше тамшысы сүзгі қағаздың немесе гельдің ортасына тамызылады. Содан кейін қағаз немесе гельді электр өрісіне қойылған екі электрод арасына енгізеді (16.1-сурет). Сонда изоэлектрлік нүктесі ерітіндінің рН мəнінен жоғары амин қышқылы оң зарядталып катодқа қарай бағытталады (теріс электрод). 16.1-сурет Аргинин, аланин жəне аспартаттың рН = 5 электрофорез əдісімен бөлінуі Амин қышқылының изоэлектрлік нүктесі буферлік ерітіндінің рН мəнінен алыс болған сайын амин қышқылы көбірек оң зарядталған болады да, катодқа қарай жылжиды. Изоэлектрлік нүктесі буферлік ерітіндінің рН мəнінен төмен амин қышқылдары теріс зарядталады да, анодқа (оң зарядталған электрод) қарай жылжиды. Егер екі молекуланың зарядтары бірдей болса, электрофорез кезінде баяу қозғалады. Біз амин қышқылдарының түссіз болатындығын ескерсек оларды бөлгеннен кейін қалай анықтаймыз? Электрофорез əдісімен амин қышқылдары бөлінгеннен кейін сүзгі қағазға нингидрин айқындауышы бүркіліп жылы пеште кептіріледі. Амин қышқылдарының көпшілігі нингидринмен қыздырғанда күлгін түс береді. Қоспадағы əртүрлі амин қышқылдары анықталады (16.1-сурет). Жеке амин қышқылдары қағазда орналасуы стандартты амин қышқылдарымен салыстырылып анықталады.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==