246 ИН (изоэлектрлік нүкте)= заряды жоқ ортаның рН мəні Аланин сияқты бүйір тізбектері ионизацияланбаған амин қышқылдарының изоэлектрлік нүктесі екі рКа мəндерінің ортасында болады. Бүйір тізбектері ионизацияланатын амин қышқылдарының изоэлектрлік нүктесі ионизацияланатын топтың орташа рКа мəніне тең (немесе оң зарядталған топтар зарядсызданады немесе зарядсыз топтар теріс зарядталады). Мысалы, лизиннің изоэлектрлік нүктесі оң зарядталған қышқылдық формасы мен зарядсыз негіздік формасындағы екі топтың орташа рКа мəндеріне тең. Глутамин қышқылының изоэлектрлік нүктесі екінші жағынан зарядсыз қышқылдық формасы мен зарядталған негіздік формасындағы екі топтың орташа рКа мəндеріне тең. 8-ЖАТТЫҒУ Келесі амин қышқылдарының изоэлектрлік нүктелерін есептеңіздер: а. аспарагин б. серин ə. аргинин в. аспарагин қышқылы 9-ЖАТТЫҒУ а. Қандай амин қышқылдарының изолектрлік нүктесінің мəні төмен болады? ə. Қандай амин қышқылдарының изолектрлік нүктесінің мəні жоғары болады? аланин
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==