Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

245 əлсіз қышқыл болмайды, рКа=2 күшті қышқыл. Осылайша, аланин сияқты амин қышқылдары физиологиялық рН (7,3) ортасында цвиттер-ион деп аталатын дипольдық ион түрінде кездеседі. Қосылыстың теріс зарядталған цвиттер-ионында бір атомға кем, ал оң зарядталған ионда бір атомға артық. (Цвиттер сөзі неміс тілінен «гермафродит» немесе «гибрид»-ден аударылады).  4-ЖАТТЫҒУ Не себепті амин қышқылдарының карбоксил топтары сірке қышқылы сияқты карбон қышқылдарына ( рКа = 4,76 ) қарағанда біршама қышқыл (рКа ~ 2) келеді?  5-ЖАТТЫҒУ Аминдер жəне карбон қышқылдарымен салыстырғанда амин қышқылдарының диэтил сияқты эфирлерде ерімейтіндігін түсіндіріңіздер.  6-ЖАТТЫҒУ ШЕШІМІ Келесі əр амин қышқылдарының физиологиялық рН (7,3) ортадағы көп мөлшерде кездесетін формасын көрсетіңіздер. а. аспарагин қышқылы ə. глутамин б. аргинин ЖАТТЫҒУДЫ ОРЫНДАУ ЖОЛЫ 6а орындалу жолы Екі карбоксил топтары да өздерінің негіздік формасында болады, себебі ерітіндінің рН мəні олардың рКа мəнінен жоғары. Протонданған амин тобы ерітіндінің рН мəні оның рКа мəнінен төмен болғандықтан, қышқылды формада кездеседі.  7-ЖАТТЫҒУ Ерітіндінің келесідей рН мəндерінде болатын глутамин қышқылының формасын көрсетіңіздер: а. рН=0 ə. рН=3 б. рН=6 в. рН=11 16.4 ИЗОЭЛЕКТРЛІК НҮКТЕ Амин қышқылдарының изоэлектрлік нүктесі дегеніміз (ИН) – заряды жоқ ортаның рН мəні. Басқаша айтқанда, амин қышқылдарының оң зарядтарының мəні теріс зарядтардың қосындысына тең болатын рН мəні. оқулық: Гистидин мен аргининнің негіздік азот атомдары

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==