Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

243  2-ЖАТТЫҒУ ШЕШІМІ Треонинде екі асимметриялық орталық жəне төрт стереоизомері бар. Табиғатта кездесетін L-треонин (2S, 3R)-треонинге жатады. Қандай стереоизомер L-треонин болады. ЖАТТЫҒУДЫ ОРЫНДАУ ЖОЛЫ №1 стереоизомердің R конфигурациясы С-2 жəне С- 3 көміртектері бойынша, себебі екі жағдайда да меңзер сағат тіліне қарсы бағытпен үлкен орынбасардан кіші орынбасарға қарай бағытталған. Екі жағдайда да R конфигурацияда сағат тіліне қарсы меңзер көлденең байланыстағы ең кіші орынбасарға (Н) бағытталған (15.2-бөлім). Осылайша (2S, 3R)-треониннің конфигурациясы №1 изомерде С-2 №1 С-3 стереоизомеріне қарама-қарсы. Сондықтан L-треонин нөмірі 4 стереоизомер. Фишер проекциясындағы L-амин қышқылдарының +NH3 тобы сол жақта орналасқандығына назар аударыңыздар.  3-ЖАТТЫҒУ 16.2-кестеде берілген амин қышқылдарының қайсысында бірнеше асимметриялық орталықтар бар? 16.3 АМИН ҚЫШҚЫЛДАРЫНЫҢ ҚЫШҚЫЛДЫНЕГІЗДІК ҚАСИЕТТЕРІ Əрбір амин қышқылының құрамында карбоксил жəне амин топтары болады. Əр топ амин қышқылы ерітілген ортаның рН байланысты қышқылды немесе негіздік формада болады. Аспартат жəне глутамат сияқты кейбір амин қышқылдарында иондалатын бүйір тізбектері де болады (16.3-кесте). 16.3-кесте. Амин қышқылдарының рКа мəндері Амин қышқылдары рКа мəндері α-СООН рКа мəндері α-+NH3 рКа мəндері бүйір тізбек Аланин 2,34 9,69 - Аргинин 2,17 9,04 12,48 3-D молекула: Табиғатта кең таралған амин қышқылдары

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==