242 АМИН ҚЫШҚЫЛДАРЫ ЖƏНЕ АУРУ ТҮРЛЕРІ Гуамадағы чаморро халқында Паркинсон ауруы элементтері мен ақыл кемістігі ауруына əкелетін (ALS немесе Лу Гериг ауруы) амиотрофиялық бүйір склерозының синдромы жоғары. Бұл синдром екінші дүниежүзілік соғыс кезінде тағам жетіспеген жағдайда, Cycas circinalis дəнін көп мөлшерде жегенде пайда болған. Бұл дəндердің құрамында глутаматты рецептормен байланысатын βметиламин-L-аланин амин қышқылы бар. Маймылдарға β-метиламин-L-аланинді бергенде осы аурудың синдромы пайда болған. Осы ерекше амин қышқылын зерттей келе пайда болатын ALS жəне Паркинсон ауруларының пайда болуын түсінеміз. ПЕПТИДТІ АНТИБИОТИК Грамицидин S, бактерия штаммдарымен пайда болатын сақиналы декапептидті антибиотик. Оның молекула қалдықтарының бірі 16.2кестеде берілген табиғатта сирек кездесетін аминқышқылы орнитин екендігіне назар аударыңыздар. Орнитин лизинге ұқсас, бірақ оның бүйір тізбегі бір метилен тобына кем. Сондай-ақ бұл антибиотиктің құрамында екі D-амин қышқылдарының болатындығына назар аударыңыздар. 1-ЖАТТЫҒУ L-аланин (R)-аланин немесе (S)-аланинге жата ма? Грамисидин S орнитин
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==