240 16.2-кестенің жалғасы Формуласы атауы қысқартылған түрі Ақуыз құрамындағы орташа мөлшері Гетероциклді амин қышқылдары Пролин Pro P 4,6% (жалғасы бар) Гистидин* His Н 2,1% *Негізгі амин қышқылдары Триптофан Тrp W 1,1% АҚУЫЗДАР ЖƏНЕ ТАМАҚТАНУ Ақуыздар біздің тағамдық рационымыздың маңызды құраушысы. Диеталық ақуыз ағзада амин қышқылдарына гидролизденеді. Амин қышқылдарының кейбіреуі организмге қажетті ақуыздар синтезіне жұмсалады, кейбіреулері ары қарай денеге энергия жеткізеді жəне тироксин (8.7-бөлім), адреналин жəне меланин (18.6-бөлім) сияқты ағзаға қажетті ақуыз емес қосылыстардың синтезіне қажетті бастапқы зат ретінде қолданылады. Барлық ақуыздардың құрамында бірдей амин қышқылдары болмайды. Ет жəне сүт тағамдарындағы ақуыздардың көпшілігінде ағзаға қажетті барлық амин қышқылдары болады. Бірақ өсімдік шикізаттарының ақуыздарының көпшілігі толық ақуыз болмайды. Олардың көпшілігінде адамның өсуіне қажетті алмастырылмайтын амин қышқылдары ақ болады. Мысалы, ас бұршақтың ақуызында метионин жəне бидай ақуызында лизин болмайды. Осылайша реттелген диетада міндетті түрде ағзаға қажетті амин қышқылдарының əртүрлі шикізат көздері болады. 16.2 АМИН ҚЫШҚЫЛДАРЫНЫҢ КОНФИГУРАЦИЯСЫ Барлық глициннен басқа табиғи амин қышқылдарының құрамындағы αкөміртегі асимметриялық орталық болады. Осылайша, 16.2-кестеде берілген 20 амин қышқылы 19 энантиомерлер түрінде кездеседі. Моносахаридтердің конфигурациясын белгілеуде қолданылатын D жəне L белгілері (15.2-бөлім) амин қышқылдары үшін де қолданылады. Амин қышқылдарының Фишер проекциясында карбоксил тобы көлденең осьтің жоғары жағында, ал R тобы төменгі жағында, амин тобы оң жақта орналасса D-амин қышқылы, ал егер амин тобы сол жақта орналасса L-амин қышқылы болады.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==