Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

237 16.1-кесте. Биологиялық жүйелердегі ақуыздар қызметіне мысалдар. Құрылымдық ақуыздар Ақуыздардың бұл түрі биологиялық құрылымдарға күш береді немесе ағзаны қоршаған ортадан қорғайды. Мысалы, коллаген сүйектің, бұлшық еттің жəне сіңірдің негізгі компоненті; кератин шаштың, тұяқтың, қанаттың, жүннің жəне терінің сыртқы қабатының негізгі компоненті. Қорғағыш ақуыздар Қорғағыш ақуыздар ағзаны жылан уы мен зиянды өсімдіктердің əсерінен жəне жыртқыштардан қорғайды. Қанды ұйытатын ақуыздар тамыр жүйелерін жарақаттанған кезде қорғайды. Антиденелер мен пептидті антибиотиктер бізді əртүрлі аурулардан қорғайды. Ферменттер Ферменттер тірі жүйелердегі реакцияларда катализатор рөлін атқаратын ақуыздар Гормондар Инсулин сияқты тірі жүйелердегі реакцияларды реттейтін гормондар ақуыздарға жатады. Физиологиялық қызмет атқаратын ақуыздар Бұл ақуыздар денеде оттегін тасымалдау жəне сақтау, оттегінің бұлшық етте сақталуы, сондай-ақ бұлшық еттің жиырылуы сияқты физиологиялық қызметтерге жауап береді. 16.1 АМИН ҚЫШҚЫЛДАРЫНЫҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ МЕН НОМЕНКЛАТУРАСЫ Табиғатта кеңінен таралған ақуыздардың құрамына кіретін 20 амин қышқылының құрылысы 16.2-кестеде берілген. Қалған амин қышқылдары табиғатта сирек кездеседі. Амин қышқылдары бір-бірінен α-көміртегіне қосылған орынбасарлар (R) бойынша ажыратылады. Мұндай орынбасарлардың көп түрлілігінен протеиндердің құрылысы да əртүрлі болады, нəтижесінде олардың функционалдық қызметі де көп болады (16.1-кесте). Амин қышқылдары көбінесе жалпы атауларымен (тривиалды) аталады. Жиі қолданылатын амин қышқылдарының атауына тоқталайық. Мысалы, глициннің атауы оның тəтті дəміне байланысты (glykos грек тілінде «тəтті» дегенді білдіреді). Аспарагин алғаш рет спаржадан, тирозин ірімшіктен (tyros грек тілінде «ірімшік» дегенді білдіреді) табылған. 16.2-кестеде əр амин қышқылдарының атауы қысқартылып үш əріппен (көп жағдайда алғашқы үш əрпі) жəне бір əріппен берілген. Изолейцин өзінің атауына қарамастан изобутил радикалы болмайтындығына, оның орнына екіншілік бутил радикалы болатындығына назар аударыңыздар. Лейцин құрамында изобутил радикалы бар амин қышқылы. Пролин екіншілік аминге жататын жалғыз амин қышқылы. 10 амин қышқылы алмастырылмайтын амин қышқылдарына жатады. Олар 16.2-кестеде жұлдызшамен (*) белгіленген. Біз бұл амин қышқылдарын тағаммен бірге қабылдаймыз, себебі олар ағзада мүлде синтезделмейді немесе жеткілікті мөлшерде синтезделмейді. Мысалы, бізге фенилаланиннің шикізат көзі болатын тағам қажет, себебі біздің ағзамызда бензол сақинасы синтезделмейді. Біздің тамақ рационымызға тирозиннің қажеті жоқ, өйткені біз оның қажетті мөлшерін фенилаланиннен синтездеп аламыз.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==