236 Дипептидтерде екі, трипептидте үш, олигопептидте 3-10 жəне полипептидтер одан да көп амин қышқылдарының қалдықтарынан тұрады. Ақуыздар дегеніміз 40-4000 амин қышқылдарының қалдықтарынан тұратын табиғи полипептидтер. Ақуыздар мен пептидтер биологиялық жүйелерде маңызды қызметтер атқарады (16.1-кесте). Ақуыздар екі класқа бөлінеді. Талшықты ақуыздардың құрамында түйіншектелген полипептидтердің ұзын тізбектері болады. Мұндай ақуыздар суда ерімейді. Барлық құрылымдық ақуыздар талшықты ақуыздарға жатады. Глобулярлы ақуыздар сфералық формада болады жəне суда ериді. Ферменттердің басым көпшілігі глобулярлы ақуыздарға жатады. глицин лейцин аспартат лизин
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==