Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

234 30. D-галактоза синтезі үшін профессор Эми Лос бастапқы зат ретінде Dликозаны алуға қоймаға барады. Ол D-ликоза жəне D-ксилозасы бар бөтелкенің этикеткасының түсіп қалғанын көреді. Сонда ол қандай бөтелкеде D-ликоза бар екендігін қалай анықтайды? 31. Гиалурон қышқылы біріктіруші ұлпа компоненті, буындарға жағатын сұйық. Бұл N-ацетил -D-глюкозамин мен D-глюкоурон қышқылының β-1,31гликозидтік байланыспен қосылған ауыспалы полимері. Гиалурон қышқылының қысқа буынын сызып көрсетіңіздер. 32. 16 альдогексоздан қанша глюкар қышқылын алуға болады? 33. Келесі қосылыстардан түзілетін сақиналы жартылай ацетальдің құрылысын көрсетіңіздер: а. 4-гидроксипентаналь ə. 4-гидроксигептаналь 34. Түсіндіріңіздер, не себепті С дəруменінің С-3 ОН тобы С-2 ОН тобымен салыстырғанда біршама қышқыл болады? 35. α- D-глюкоза мен β-D-глюкозаның қоспасын айналдырғаннан кейін тепетеңдік орнағандағы қоспадағы α-D-глюкоза мен β-D-глюкозаның пайыздық мөлшерін есептеңіздер. Алған мəндеріңізді 15.9-бөлімде берілген мəндермен салыстырыңыздар. (Көмекке: қоспаның меншікті айналуы β-формадағы β-D-глюкозаның үлесіне көбейткенге тең). 36. D-альтроза көбірек пираноза немесе фураноза формада бола ма, жоқ па? Соған болжам жасаңыздар. (Көмекке: барлық көршілес орынбасарлары транс жағдайда орналасқан бес мүшелі сақина біршама тұрақты). β-D-глюкоурон қышқылы

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==