233 ə. Br2 сулы ерітіндісі в. этанол + НСІ 19. D-гулозаға қандай қант С-4 эпимері болады? 20. Əр сипаттамадағы қантты анықтаңыздар: а. альдопентоз D-арабиноза емес, бірақ NaBH4 тотықсыздандырса формасындағы D-арабинитол түзіледі. ə. қант D-альтроза емес, бірақ азот қышқылымен əрекеттескенде D-альтрар қышқылы түзіледі. б. кетоза, NaBH4 тотықсыздандырса D-альтритол жəне D-аллитол түзіледі. 21. Келесі сегіз альдопентоз жайлы сұрақтарға жауап беріңіздер: а. Қайсысы энантиомерлер? ə. Қайсысы азот қышқылымен тотыққанда оптикалық белсенді қосылыс түзеді? 22. D-талозадан басқа қандай моносахаридтерді тотықсыздандырса альдит түзіледі? 23. Қандай моносахаридтен екі альдит түзіледі, егер біреуі маннозаны тотықсыздандырғанда түзілетін алдитол болса? 24. Киляни-Фишер синтезінде келесі қосылыстардан қандай моносахаридтер түзіледі? а. D-ксилоза ə. D-треоза 25. Келесі қосылыстарды атап, олардың тотықсызданатын жəне тотықсызданбайтын қанттарға жататындығын анықтаңыздар: а. ə. 26. D-рибозаның метанол мен НСІ бір эквивалент мөлшерімен реакциясынан төрт түрлі өнім түзіледі. Олардың құрылысын көрсетіңіздер. 27. Доктор Исент Т. тəтті дəмі жоқ жəне молекулалық массасы 150-ге тең моносахаридті анықтаған. Ол бұл қосылыстың оптикалық белсенді болатындығын анықтаған. Сонда ол анықтаған моносахаридтің құрылысы қандай болды? 28. Келесі əр қосылыстардың D-глицерин альдегиді немесе L-глицерин альдегидіне жататындығын, көлденең байланыстар сіздерге қарай жəне тік байланыстар сіздерден бері көрсетілгенін ескеріп анықтаңыздар: а. ə. б. 29. D-глюкурон қышқылы өсімдіктер мен жануарларда кеңінен таралған. Оның маңызды қызметінің бірі – улы НО- бар қосылыстардың зиянын жою үшін бауырда əрекеттесіп глюкоуронидтер түзеді. Глюкоуронидтер суда ериді, сондықтан ағзадан жеңіл бөлінеді. Скипидар, морфин немесе фенол сияқты улы заттардан бір жұтылса, олардан түзілетін глюкоуронидтерді несептен табуға болады. β-Dглюкоурон қышқылының фенолмен реакциясынан түзілетін глюкоуронидтің құрылысын көрсетіңіздер.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==