Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

231 Егер «пираноза» немесе «фураноза» атауы қолданылса ацеталь (немесе кеталь) пиранаозид немесе фуранозид деп аталады. Аномерлі көміртегінің алкоксилді оттегімен байланысы гликозидтік байланыс деп аталады. Дисахаридтер өзара гликозидтік байланыспен қосылған екі моносахаридтен тұрады. Мальтозада екі глюкоза молекуласы өзара α-1,41-гликозидтік байланыспен қосылған. Целлобиозада екі глюкоза молекуласы өзара β-1,41-гликозидтік байланыспен қосылған. Сахароза көп таралған дисахаридке жатады. Оның құрамындағы D-глюкоза мен D-фруктоза қалдықтары аномерлі көміртегі атомы арқылы байланысқан. Полисахаридтердің құрамындағы 10 жəне 1000 аса моносахарид қалдықтары гликозидтік байланыстармен қосылған. Крахмал амилоза жəне амилопектиннен тұрады. Амилозаның құрылысы тармақталмаған өзара α-1,41-гликозидтік байланыспен қосылған D-глюкозадан құралған. Амилопектинде де өзара α-1,41гликозидтік байланыспен қосылған D-глюкозаның тармақталмаған тізбегімен қатар α-1,61-гликозидтік байланыспен қосылған D-глюкозаның тармақталған тізбегі бар. Гликоген амилопектинге ұқсас, бірақ көбірек тармақталған. Целлюлозада өзара β-1,41-гликозидтік байланыспен қосылған D-глюкозаның тармақталмаған тізбектері болады. α-байланыс амилозаның орамдалуына əкеледі. β-байланыс целлюлоза молекуласына молекулаішілік сутектік байланыстар түзуге əсер етеді. Көптеген жасушалардың беткі қабатында жасушаға басқа жасушамен əрекеттесуіне мүмкіндік беретін олигосахаридтердің қысқа тізбектері болады. Бұл олигосахаридтер жасушаның беткі қабатындағы ақуыздық топтармен байланысқан. Олигосахаридтерге қосылған ақуыздар гликопротеиндер деп аталады. РЕАКЦИЯ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ 1. Негіз катализаторы қатысындағы эпимерлену (15.5-бөлім) 2. Негіз катализаторы қатысындағы қайта топтасу (15.5-бөлім)

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==