Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

229 Сахариннің каллориясы аз болғандықтан сахарозаны алмастырушы ретінде 1885 жылдары саудаға түскен соң батыстағы тамақтанудағы басты мəселелердің бірі болды жəне əлі күнге дейін қантты шектен тыс көп пайдалану мен оның салдарынан болатын семіздік, жүрек жəне тіс аурулары да өзекті мəселелердің бірі болып келеді. Сахаринді сондай-ақ сахароза мен глюкозаны пайдалануға шектеу қойылған диабетпен ауыратын адамдарға пайдалануға болады. Сахариннің улылығы толық зерттелмесе де алғаш ол сатылымға түскендегі жан-жақты зерттеулер оның зиянды еместігін көрсеткен. 1992 жылы АҚШ уақытша сахаринге оның зиянды болуы мен адамдар қанттың тағамдық құндылығын жоғалтуы мүмкін деп пайдалануға тыйым салынған. Дуклин – екінші болып (1884 жылы) анықталған синтетикалық тəтті дəмдеуіш. Бірақ сахарин сияқты ащылау, темір татымаса да, ол ешқашанда көп сұранысқа ие болмаған. 1954 жылы Дуклин улы болу қаупіне алаңдаушылыққа байланысты сатылымнан алынып тасталады. Натрий цикламаты 1950 жылдан бастап кеңінен қолданыла бастаған тағамдық емес тəтті дəмдеуіш. Бірақ 20 жылдан кейін Құрама Штаттарда көп мөлшердегі натрий цикломаты тышқандарға жүргізілген екі түрлі зерттеулер бойынша бауыр ісігін туғызатындығы анықталғаннан кейін пайдалануға тыйым салынған. Аспартам сахарозадан 200 есе тəтті, 1981 жылы АҚШ тамақ өнімдері мен медикаменттерде пайдалануға рұқсат берілген. Аспартамның құрамында фенилаланин қалдықтары бар, сондықтан ФКУ (18.6-бөлім) сияқты генетикалық аурумен ауыратын адамдарға пайдалануға болмайды. Калий ацесульфамы (тəтті жəне зиянсыз) 1988 жылы ұсынылған. Сондай-ақ ол ацесульфам-К деп те аталады, глюкозадан 200 есе тəтті. Сахаринмен салыс-

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==