Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

228 15.17 СИНТЕТИКАЛЫҚ ТƏТТІ ДƏМДЕУІШТЕР Молекула тəтті дəмді сезуі үшін ол тіл жасушасындағы дəмдік рецептормен байланысу керек. Бұл молекуланың байланысуы дəмдік рецептордан миға жетіп молекула тəтті деп тану үшін жүйкелік импульс пайда болады. Қанттар өздерінің «тəттілік» дəрежелеріне байланысты бөлінеді. Тəттілік шамасы 1,00 деп есептелетін глюкозамен салыстырғанда сахарозаның тəттілік шамасы – 1,45, ал фруктоза барлық басқа қанттардан да тəтті – 1,65. Сүттің құрамында болатын қант лактозаның тəтілігі глюкоза тəттілігінің 1/6 бөлігін құрайды. Синтетикалық тəтті дəмдеуіштерді шығарушылар улылық, тұрақтылық жəне дəмдік қоспалардың экономикалық жағы сияқты бірнеше факторлар бойынша потенциалдық өнімдерді бағалауы керек. Сахарин (тəттілігі төмен) 1878 жылы Джон Хопкинс Университетінде Ира Ремсен мен оның шəкірті Константин Фахлберг кездейсоқ ашқан алғашқы синтетикалық тəтті дəмдеуіш. Фахлберг Ремсен зертханасында орта орынбасқан толуолдардың тотығуын зерттейді. Ол өзінің қайтадан синтездеген қосылысының бірінің дəмінің өте тəтті екендігін анықтайды. (Қазір бұл бір түрлі оғаш болып көрінуі мүмкін, бірақ сол кезде химиктер қосылыстарды сипаттау үшін олардың дəмін татып көрген). Бұл қосылысты ол сахарин деп атайды. Оның глюкозамен салыстырғанда 300 есе тəтті болатындығы анықталған. Өзінің атауына қарамастан сахариннің сахарид еместігіне назар аударыңыздар. СƏЙКЕСТІ ТƏУЛІКТІК ТҰТЫНУ FDA көптеген тағамдық ингредиенттерді пайдалану үшін олардың сəйкесті тəуліктік тұтынылуын (СТТ) жасаған. СТТ адамдарға күнделікті тұтынуға болатын зияны жоқ заттардың мөлшері. Мысалы, калий ацесульфамының СТТ мөлшері күніне – 15 мг/кг. Бұл салмағы 132 фунт адам жасанды тəтті дəмдендірілген сусындардың екі галлондарынан табылатын калий ацесульфамын күнделікті пайдалануына болады дегенді білдіреді. Сондай-ақ сукралозаның күнделікті пайдаланылатын мөлшері де 15 мг/кг. Ө М І Р Б А Я Н Ира Ремсен (1846-1927) НьюЙоркте дүниеге келген. Колумбия университетінде МД атағын алғаннан кейін ол химик болуға шешім қабылдайды. Ол Германияда философия докторы атағын алып, 1872 жылы Уильямс колледжінде қызмет атқару үшін Америка Құрама Штаттарына қайтып оралады. 1876 жылы жаңадан ашылған Джонс Хопкинс Университетінде химия профессоры атағын алады. Ол Құрама Штаттарда алғашқы болып химиялық зерттеулер орталығын ашуға себепкер болған. Кейіннен ол Джонс Хопкинс университетінің екінші президенті болады.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==