227 15.5-сурет Қан тобы қызыл қан жасушаларының беткі қабатындағы қанттардың табиғатымен анықталады. Фукоза ол 6-дезоксигалактоза. Антиденелер дегеніміз – ағзадағы бөгде заттарға жауап ретінде синтезделетін ақуыздар. Олар антигендер деп аталады. Олардың антиденелермен əрекеттесуі оны жылдамдатады немесе иммундық жүйе жасушасының жойылуы жайлы антиген белгі береді. Міне, сол себепті, мысалы, қан бір адамнан екінші адамға қан топтарының доноры мен акцепторлары сəйкес келмесе берілмейді. Керісінше жағдайда донорлық қан бөгде зат болып есептеледі жəне иммундық реакция пайда болады. 15.5-суретке қарасаңыздар, сіздер не себепті А тобындағы адамдардың иммундық жүйесі қанның Б тобын бөгде жəне керісінше деп танитындығы түсінікті болады. Қанның А, Б немесе АБ тобындағы адамдардың иммундық жүйесі О тобындағы қан түрін қабылдамайды деген сөз емес, себебі О тобындағы қанның құрамындағы көмірсулар А, Б жəне АБ қандарының да компоненті. Сонымен қаны О тобындағы кез келген адам əмбебап донор бола алады. Ал қандары АБ тобындағы адамдар АБ, А, Б жəне О тобындағы қандарды қабылдай алады, сондықтан олар əмбебап акцепторлар деп аталады. 17-ЖАТТЫҒУ 15.5-суретке қарап келесі сұрақтарға жауап беріңіздер: а. Қаны О тобындағы адамдар барлық адамдарға қан бере алады, бірақ олар басқаларынан қан ала алмайды. Олардың кімдерден қанды алуы мүмкін ? ə. Қандары АБ тобындағы адамдар басқа топтардан қан алады, бірақ бəріне бірдей қан бере алмайды. Олар кімдерге қан бере алмайды? А тобы N-ацетилгалактозамин D-галактоза N-ацетил-D-глюкозамин ПРОТЕИН Б тобы D-галактоза D-галактоза D-галактоза N-ацетил-D-глюкозамин N-ацетил-D-глюкозамин ПРОТЕИН ПРОТЕИН L-фукоза L-фукоза L-фукоза О тобы
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==