226 Жасушаның беткі қабатындағы көмірсулар жасушалардың бірін-бірі тану жолдарын қамтамасыз етеді. Беткі қабаттағы көмірсулардың өзара əрекеттесуінің инфекция, инфекцияның алдын алу, ревматоидты артрит жəне септикалық шок сияқты қабыну аурулары мен қанның ұюы сияқты əртүрлі əрекеттерде маңызды рөл атқаратындығы анықталған. ВИЧ препараттары протеазасының ингибиторлары үшін, мысалы, ВИЧ-тың алдын алу үшін жасуша бетіндегі олигосахаридтерге енгізіп ары қарай өтуін қадағалайды. Құрамында амин қанттары бар (15.15-бөлім) бірнеше белгілі антибиотиктер жасуша-нысананы көздеп əрекет етеді. Көмірсулар сондай-ақ жасушаның өсуін реттеуге қатысады, сондықтан гликопротеин мембраналарындағы өзгерістер зиянды өзгерістердің пайда болуына сəйкес келеді. Қан топтарының айырмашылығы (А, Б жəне О), шындығында эритроциттердің бетіндегі байланысқан қанттардағы өзгешеліктерге байланысты. Қан топтарының əр түрі құрылымдары əртүрлі көмірсуларға байланысты (15.5-сурет). Қанның АБ тобы А жəне Б топтарының қоспасы.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==