225 L-Аскорбин қышқылында карбоксил тобы жоқ болса да ол қышқыл класына жатады. Себебі оның С-3-тегі ОН тобының рКа мəні 4,14-ге тең. L-Аскорбин қышқылы жеңіл тотығады. Тотығу нəтижесінде сутегі атомын жоғалтып, физиологиялық белсенді болатын L-дегидроаскорбин қышқылына айналады. Егер бес мүшелі сақина гидролиз нəтижесінде ашылса, С дəруменінің белсенділігі жойылады. Сондықтан С дəрумені дайындалған тағамдардың көпшілігінде өзгермеген күйінде сақталады. Егер тамақты суда дайындап соңынан суды төгіп тастаса, дəрумен суда еріп сумен бірге төгіледі. С ДƏРУМЕНІ С дəруменінің радикалдардағы тотығу реакциясын болдырмайтындықтан тотығуға қарсы əсері бар. С дəрумені сулы ортадағы радикалдардың зиянды тотығу реакцияларының əсерінен пайда болған радикалдарды ұстағыш (5.17-бөлім). С дəруменінің физиологиялық қызметі толық ашылмаған. Бірақ біз С дəруменін терінің, сіңірдің құрылымдық ақуызы жəне сүйектің біріктіруші ұлпасы коллагеннің синтезіне қажет екендігін білеміз. С дəрумені цитрустар мен қызанақта көп мөлшерде кездеседі. Бірақ егер ол тағам рационында болмаса тері зақымданып, тіс иектері қанап, тері астындағы тамырлар зақымданады жəне кез келген жара баяу жазылады. С дəруменінің жетіспеушілігінен болатын жəне диетаны реттеу арқылы емдеуге алынған алғашқы ауру түрі цинга деген атпен белгілі. 1700 жылдары теңізге шыққан британдық теңізшілер осы ауруды болдырмас үшін лайманы жеуге міндетті болған (оларды лаймалықтар деп атаған). Латын тілінен аударғанда «цинга» аскорбин, яғни цинга жоқ дегенді білдіреді. 15.16 ЖАСУШАНЫҢ БЕТКІ ҚАБАТЫНДАҒЫ КӨМІРСУЛАР Көптеген жасушалардың беткі қабатында жасушаға басқа жасушалармен əрекеттесуге жəне вирустар мен бактериялардың өтуін анықтауға мүмкіндік беретін қысқа тізбекті олигосахаридтер болады. Бұл олигосахаридтер жасуша мембранасы ақуызының ОН немесе NH2-тобының сақиналы қанттың аномерлі көміртегімен реакцияласуы нəтижесінде жасушаның беткі қабатымен байланысады. Олигосахаридтерге қосылған ақуыздар гликопротеиндер деп аталады.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==